Головкин бізден қашып, әлсіз қарсыластарды таңдап жүр - Крис Юбенк
Ұлыбританиялық Крис Юбенктің айтуынша, әлі жеңіліп көрмеген Геннадий Головкин өзінің ұлы кіші Крис Юбенкпен жұдырықтасудан қашып, жартылай орта салмақтағы Келл Брукпен кездесуге келісіп, жеңіл жолды таңдаған, - деп хабарлайды Boxingnewsresults.com.
"Менің ойымша, ол бізден үрейленіп қашып жүр, себебі өзіңнен екі саты төмен боксшымен қалай жұдырықтасуға болады. Бұл комикстер санатынан. Бұл шынайы болуы мүмкін емес. Оны әлемнің ең мықты боксшысы деп атайды. кіші Юбенк Ұлыбритания чемпионы, алайда олар өзінен 16 фунтқа жеңіл адамды тапты. Ол, сөзсіз, боксшылар арасында абыройын түсіріп алды. Ол өзіне әлсіз қарсыластарды таңдайды, бұл бокс әлемінде солай көрінеді", - деді үлкен Юбенк.
Еске салайық, Головкин және Юбенк жекпе-жегі болмауының себебі - ағылшынның промоутері кездесуді толық бақылауды талап еткен. Юбенкпен кездесудің орнына Хирн GGG командасына Брукпен кездесуге ұсыныс тастады. Енді 10 қыркүйекте Головкин Брукпен жұдырықтасатын болады.