Журналист Серік Жанболаттың айтуынша, Өзбекстан тағына Ислам Каримов секілді мықты басшы келмесе, жағдай миллиондардың бас ауруына айналып кетуі әбден мүмкін. Тәліптердің Орталық Азияға дендеп еніп кетуіне кедергі болып отырған өзбектің қуаты екен. Серік Жанболат өзбектер шын мәнінде ислам дініне берік екенін, бұл жерде исламның тамыры терең де жатқанын айта кетті.