Конор МакГрегор америкалық Нейт Диасты ұпай айырмасымен жеңді. Бес раунд бойында МакГрегор жұдырықтасу мәнерін таңдады, ал Диас қайта-қайта партерге өтуді ойлады. Осылайша 28 жастағы МакГрегор 20-сыншы жеңісіне қол жеткізіп отыр. Оның 17-сі нокаутпен аяқталған. Сонымен қатар, үш жеңілісі бар.